«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолы алдағы 4 жылда толығымен күрделі жөндеуден өтпек. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтқандай биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салынады. Жұмыс сәуір айының аяғында басталмақ. Құрылыс жұмыстары аяқталғанша, тұрғындар ескі жолмен емін-еркін қатынай алады. Ал кейін ол да толығымен жаңғыртылады. «Қарағанды-Жезқазған» тасжолы 1965 жылы салынған. Содан бері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін қосатын күре жол күрделі жөндеу көрмепті. Жалпы ұзындығы 513 шақырым. Оның 335-і Ұлытау облысының аумағында. Қос өңірді жалғаған күрежол 2029 жылы түйісіп, құрылыс толық аяқталады, деп жоспарлануда.
Дархан Иманашев, «Қазавтожол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:
Айдың аяғына дейін конкурстық рәсімдер өтеді. Сәуірден бастап мердігер тағайындалып, жұмыстар басталады. Сәуірдің аяғына дейін толық жұмыс басталады. Жобаның ерекшелігі - мердігер өз тарапынан проект құжаттама дайындап, құрылыспен айналысады. Күтіп ұстау жұмыстарымен 7 жыл айналысады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10