Басты Жаңалықтар Жазушы Әкім Тарази Әулиеата төрінде зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Жазушы Әкім Тарази Әулиеата төрінде зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Сөз өнерінің иесі, шығармалары арқылы қалың елдің сүйіспеншілігіне бөленген суреткер Әкім Тарази биыл 85 жасқа толып отыр. Мерейтойға орай қаламгер өсіп-өнген өлкесі Әулиеата төрінде зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Өскен өңірге табан тіреген жазушыны шәкірттері құрметпен қарсы алды.

Жазушы әуелі жаңадан ашылған руханият орталығымен танысып, әрі қарай жиналғандармен мәнді мәслихат, әдемі әңгіме құрды. Әкім Тарази бүгінде Жамбыл өңірінің мәдениет саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға ұстаздық еткен. Қазақ әдебиетінің айтулы тұлғасынан алған тәрбие мен сіңірген өнегесінің жемісін шәкірттері бүгін еліне ұсынып отыр. Шағын болса да, шынайылық пен жылулыққа толы кеш мерейтой иесіне риясыз көңіл-күй сыйлап, мерейін тағы да бір асырды. 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу