«Гала де Пари» деп аталатын салтанатты кеш - елорданың 20 жылдығына арнайы ойластырылған бірегей жоба. Қойылымға ерекше музыка тілі таңдалыпты. Жобаға Чайковский, Мендельсонның шығармалары арқау болған. Кеште биыл 350 жыл толған Париж көне театрының 14 солисі өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Астана Опера» оркестрінің өнерпаздары да қатысады.
Антон Левашин, «Gala de Paris» жобасының бас продюсері:
- «Гала де Пари» шілденің 27, 28, 29, 30-ы күндері өтеді. Бұл француз хореографы Себастьян Берто, жобаның көркемдік жетекшісі, «Астана Опера» оркестрінің дирижері Владимир Ланданың бірігіп жасаған еңбегі. Жобаға франциялық суретшілер де тер төкті.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.