Ақтауда ІХ «Сөз бен саз» жобасы өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ІХ «Сөз бен саз» жобасы өткізілді

24.07.2018

Жыр думанында жезтаңдай жыршылар тамыры тереңде жатқан қазақ өнерінің жауһарларын тыңдарманға тарту етті. Кеште есімдері елеусіз қалған 38 ақынның жырын 38 жыршы жырлады. Абыл Тілеуұлының «Балдай қызды ұзатқанда», Иса Тіленбайұлының «Күйкеннен аттанарда», «Күн қайда» атты туындылары мен Мұрат Өскінбайұлының «Байжан батырға» атты шығармалары көрерменнің көңілін тебірентті. Шараға маңғыстаулық жыршылармен қатар, Алматы, Түркістан облысы, Сыр, Бесқала өңірі және Астанадан барған өнерпаздар қатысты.

Бердіхан Әлмен, «Сөз бен саз» бағдарламасының авторы, жүргізушісі:

- 38 жыршыны жырлатып жатырмыз. Негізі, Иран асып кеткендер бар. Түркімен, Балқан тауы бар. Бесқала өңірі, Ақтөбе, Атырау, Астрахань өңірлерінен өмірден өткен ата-бабаларымыздың туындыларын жырлатайын деп отырмыз. Бұған атақты жыршылар, жаңа оқып жатқан жыршылар, тіпті жырға қатысы жоқ адамдар да қатысуда.

 

Айман НҰРМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу