Жамбылдық ұсталардың ерекше бұйымдары астаналықтардың қызығушылығын арттырды
Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтіп жатыр. «Қазанат» ипподромындағы этноауылда сол өлкенің қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда тараздық шеберлердің өз қолымен жасаған әшекей бұйымдары, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары қойылған. Сондай-ақ, көрмеге Жамбылдың музейлер қорында тұрған құнды жәдігерлері де әкелініпті.
Серік Бейсеновтың қол өнермен шұғылданғанына көп бола қойған жоқ. Бар болғаны бес-ақ жыл. Алайда, қанында бар қасиет аз уақыттың ішінде шеберді елге танытты. Ұстазы - өзінің інісі, белгілі ісмер, ортекені билеткен Қазым Аманқосов. Екі бауырдың қолынан шыққан қобыз, домбыраларына сұраныс жоғары.
Соңғы кездері дәмін ағаш ыдысқа құйып беретін отбасылар көбейді. «Қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртқысы келетіндердің көбейгеніне қуанамыз», - дейді тараздық ұста. Шеберге Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыс түседі екен.
Сәкен Сыдықов, қолөнер шебері:
- Айналысып жүргенімізге біраз уақыт болды. Бәрі ағаш ыдыстар. Мына ыдысқа жеміс-жидек немесе бауырсақ қоюға болады.
Ал, мына жиналмалы бесікке көптің қызығатына рас. Өзі шағын ғана. Тез құрастырылып, жиналады. Дорбасына салып бұрышқа қоя саласыз. Көп орын да алмайды. Көпқабатты үйде тұратындарға таптырмас құрал. Шетелде тұратын қазақтар да тапсырыс берген. Бес жыл бойы осы кәсіппен айналысып жүрген шебер мыңнан астам бесік жасапты. Күніне екеуін құрастырады.
Жамбылдық ұсталардың ерекше бұйымдары астаналықтардың қызығушылығын арттырды. Келушілер алтыбақан теуіп мәз. Ал, өнерапаздар болса этноауылдың көркін қыздырды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы