Жамбылдың мәдени күндеріне атсалысуға 200-дей өнерпаз келген
Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды. «Қазанат» ипподромындағы этноауылда сол өлкенің қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесі болып жатыр. Онда шеберлердің қолынан шыққан әшекей бұйымдары, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары қойылған.
Сондай-ақ, көрмеден Жамбылдың музейлер қорынан әкелінген құнды жәдігерлерін тамашалауға болады. Жалпы, Жамбылдың мәдени күндеріне атсалысуға 200-дей өнерпаз келген. Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шара кешке Есілдің жағасындағы амфитеатрда жалғасады. Астана тұрғындары «Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға» атты тараздықтардың концертін көре алады. Келемін деушілерге есік ашық.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы