Жетісуда 5 мың өнерпаз «Бақтыбайдың әуені» мен «Ерке сылқым» күйін шертіп рекорд жасады. Аудан, ауылдардан жиналған күйшілер Талдықорғанның орталық алаңында «Ұлттық домбыра күнін» осылай ұлықтады. Игі шараға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков те қатысты. Ол жаңартылған көрсеткіштің сертификатын облыстық Мәдениет басқармасына табыстады. Бұл челленджді Қарағандыдан қабыл алған жетісулықтар енді Атырау облысына жолдады.
Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:
Бүгін Талдықорғанда 5 мың адам жиналып отыр. Сондықтан бүгін мұны біз Қазақстанның рекорды деп есептейміз және оны тіркейміз. Кітаптың келесі шығарылымына енеді.
Рүстем Наурызов, Талдықорған қаласының тұрғыны:
Тек Жетісу жұртшылығы ғана емес, барша қазақстандықтардың рухы көтерілетін уақыт деп ойлаймын. Өйткені «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» ,- дейді. Домбыра барда қазақтың рухы бар, қазақтың өткені мен бүгіні және оның сарқылмас үлкен тарихы жоғалмайды деп сенемін.
Дамир Нұрмұхамет
