Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
Мемлекет басшысы Жолдауда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән беру керектігін атап өтті. Қазірдің өзінде бұл бағытта табысты жобалар бар екенін жеткізген Президент Түркістан облысында Қытай компаниясы суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластерін құрып жатқанына тоқталды. Бүгінде аталған өңірде мақта шаруашылығын дамыту және терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. «Kazakhstan Lihua» мақта өңдеу зауыттары кешені жуырда Отырар ауданында екі мақта өңдеу кәсіпорнын іске қосты. Серіктестіктің алғашқы екі зауыты былтыр пайдалануға берілген болатын.
Сюй Цзе Дже, жоба инвесторы:
Қазір кәсіпорында 47 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жабдықтары және 4 млн көрпе шығарылуда. Биыл мақта алқаптарында өндірілген ақ алтынның 80 пайызы экспортқа шығарылады. Оның ішінде Түркия, Қытай, Өзбекстан және Еуропа елдеріне жөнелтіледі. Қалғаны осы зауытта терең өңделеді.
Әлібек Плалов, Түркістан облыстық а/ш басқармасының басшысы:
Қытай технологиясы мен жаңа технология арқылы зауыттар модернизациядан өтіп, жаңадан зауыттар салынып жатыр. Мақтаарал, Жетісай аудандарында екі бірдей зауыт – біреуі жаңадан салынса, екіншісі модернизациядан өткізіліп отыр. Яғни қазіргі таңда осы 29 зауыттың 40 пайызға жуығы әдіспен, яғни модернизациядан өткен зауыттардың бірі деп айтуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы