Осы демалыс күндері «Бәйтерек» монументі алаңында «Fashion Fest» дизайнерлер фестивалі өтеді
Екі күн бойы 60-қа жуық қазақстандық және шетелдік сәнгер өз киім үлгілерін көрсетеді. Шара барысында табиғат суреттерін су, әшекей және мата беттеріне түсіру бойынша тегін шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ, кез келген қыз-келіншектің әдемі болып шығуына мүмкіндігі бар. Танымал стилистер тегін бояндырады. Жалпы, бұл шара екінші рет ұйымдастырылап отыр. Өткен жылы тек өз еліміздің дизайнерлері сән үлгілерін жария етсе, биыл шетелдік сәнгерлердің еңбегін тамашалайтын боласыздар.
Әйгерім Сүйіндікова, ұйымдастырушы:
- Осы жылы Дубайға екі билет ойнатылады. Кез келген адам сол жерден киім сатып алып, лотерея ойнауына болады. Алған затыңыз 5 мың теңгеден жоғары болуы керек. Бірнеше лотереяңыз болса, жолдама ұтып алуға мүмкіндігіңіз де жоғары болмақ.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы