Басты Жаңалықтар Бүгін «Астана Опера» театрында «Турандот» операсының тұсауы кесіледі

Бүгін «Астана Опера» театрында «Турандот» операсының тұсауы кесіледі

Аталған  туындыны «Астана Опера» мен Қытай ұлттық опера театры сахналайды. Жоба елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.  Операның премьерасына сондай-ақ, австриялық әйгілі сопрано Мартина Серафин мен танымал болгар теноры Камен Чанев қатысады. Операның  дирижері  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Алан Бөрібаев болса, басты партиялардың бірін Майра Мұхамедқызы орындайды.

Майра Мұхамедқызы,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Мен айтайын деп тұрган «Лию» деген партия сондай нәзік. Өзі қызметші болса да музыкасында пиано көп. Орындау өте қиын.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу