Ал Иран мен Израиль арасында 12 күнге созылған атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді. АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл мәлімдесін «Рейтерс» жариялады.
Сондай-ақ Құрама Штаттар лидері жауласушы тараптарды ымыраны енді бұзбауға шақырды. Бұл хабардан кейін Тегеран көшелерінде тыныштық орнады. Ал Иерусалимнің кейбір тұрғындары екі ел арасындағы мәміле ұзақмерзімдік бейбітшіліке ұласады деп үміттеніп отыр.
Ниссим Аттиас, Иерусалим тұрғыны:
Біз жаңа ғана президент Трамптың ымыра туралы сөзін естідік. Сол мәлімдеме шын болса екен. Әйтпесе, таңертең аздап күмәнім болған еді. Бүгіннен бастап бейбітшілікте өмір сүреміз деп үміттенеміз.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың мәлімдеуінше, Израиль Трамптың бітім туралы ұсынысын қабылдады. Осындай мәлімдемені ресми Тегеран да жасады. Алайда келісім күшіне енгеннен кейін Иран мен Израиль бір-бірін ракета атты деп айыптаған еді. Трамптың сөзінше, бұл соққылар да доғарылды.
Арыстан Рысбек
