Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті

Қарағанды облысы Теміртау қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті. Шараға қала жастары мен тұрғындарының қатысуымен 50-ге жуық ерікті ат салысты. Экоакция барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде ақпарат берілді. Шараның практикалық бөлігінде жастар көшеттерді қайта отырғызу жұмыстарына қатысты. Мамандар өсімдіктерді дұрыс отырғызу және олардың әрі қарай өсуіне қолайлы жағдай жасау жолдарын түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, жауапкершілікті күшейтеді.

Бөлісу