Басты Жаңалықтар Нагояда Азия пара ойындары басталды

Нагояда Азия пара ойындары басталды

Нагояда - Азия пара ойындары басталды. Оған 45 мемлекеттің 4000-ға жуық өкілі қатысып жатыр. Биыл 150 жерлесіміз жүлдеге таласады. отандастарымыз тұңғыш рет арбадағы теннисте жарыс жолына шығады. 24 қазанға дейін жалпы саны 502 жүлде сарапқа салынатын бәсекенің алғашқы күнінде жерлестеріміз 12-спорт түрінде өз өнерін ортаға салады. Азия пара ойындарының ашылу рәсімінде еліміздің көкбайрағын алып шығу мәртебесі — Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарының үздік үштігін түйіндеген Дастан Мұқашбеков пен пара дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аяла Мерекеге  бұйырды.

Марат Қасқырбаев, ҚР ТСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы:

Жаңа келіп түскен ақпарат. Еркін Ғаббасов Азия пара ойындарының алғашқы алтын  жүлдесін еншіледі.

Бөлісу