Наразылық акциялары: Макрон халыққа үндеу жасады
Францияда жаппай шеру демалыс күндері де жалғасты. Сенбіде күллі ел аумағында наразылық акцияларына 550 мыңдай адам қатысқан. 2400-дей адам қамауға алынды. Демонстранттар ел астанасы Париж көшелеріне өрт қойды. Жалынмен күреске өрт сөндірушілер тартылған. Кейбір жерлерде зорлау, тонау, дүкендерді өртеу фактілері тіркелді. Париж тұрғындары коммуналдық қызметке көшелерді шерулерден кейін қалған қоқыстан тазартуға көмектескен. Францияда шеру өткен айда Париждің кедей аудандарының біріндегі мектептерден басталды. Оқушылар мұғалімдердің жетіспеуі, мектеп ғимараттарының тозуына қарсы шықты. Енді наразылық акциясының ауқымы кеңейіп, қатысушылар теңсіздікке, отын бағасының өсуіне қарсы шығып, қоғамдық қызметтердің сапасын жақсартуды талап етіп отыр. Ал Франция президенті Эммануэль Макрон үкіметке осы аптада студенттерді, мұғалімдерді, кәсіподақтар мен заң шығарушыларды жинап, дағдарыстан шығудың нақты ұсыныстарын дайындауды тапсырғанын мәлімдеді.
Эммануэль Макрон, Франция Президенті:
Әсіре солшыл топтарға жататын радикалдар қылмыскерлерге қосылып, қалада ірі тәртіпсіздіктерге, зорлық-зомбылыққа барды. Дүкендер қирап, қоғамдық ғимараттарға, сауда орындарына шабуыл жасалды. Жүздеген полиция жараланды. Бұл кадрларға қарап, француздар өз елінде қалайша мұндай әрекетке бара алады деген сұрақ туындайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы