Басты Жаңалықтар Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді

Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді

Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара ұйымдастырылады. Бұл күні мәдени-танымдық бағдарламалармен қатар, спорттық жарыстар, экологиялық акциялар өтеді. Сондай-ақ бірқатар нысан пайдалануға беріледі. Олардың қатарында спорт кешендері, медицина орталықтары бар. Мәселен, Мұқан Төлебаев көшесінде «TANYM SPORT» көпфункционалды кешені, ал Сұлтан Бейбарыс көшесінде «TANYM ART» кешені жұмысын бастайды.

Бөлісу