Канадада әскери базада өрт болып, 4 сарбаз қаза тапты
Канаданың Альберта провинциясында өрт әскери
базаға тарап, 4 сарбаз қаза тапты. 39 әскери қызметкер жараланып, ауруханаға түскен.
19 адамның хәлі мүшкіл. Базадан 1 шақырым жерде шөп өртеніп, жалын екпінді
желмен қас-қағым сәтте полиогонның аумағына жеткен. Өрт басталғанда әскери жаттығу
өтіп жатқан. Зардап шеккендердің көбіне бірнеше ай арнайы интенсивті медициналық
көмек қажет болуы мүмкін. Канада премьері Марк Карни болған оқиғаны «Бейбіт заманда ел аумағында болған ең ауыр трагедиялардың бірі», – деп мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны
белгісіз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
19.10.2026, 10:12
Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі
19.10.2026, 10:10
Нагояда Азия пара ойындары басталды
19.10.2026, 10:09
Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді
19.10.2026, 10:08
Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл
19.10.2026, 10:07
Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
19.10.2026, 10:07
Наразылық акциялары: Макрон халыққа үндеу жасады
19.10.2026, 10:04
Бүгін – Құтқарушылар күні
19.10.2026, 10:03