Ақмола облысында «Qaz Tech» ІТ жобалар байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «Qaz Tech» ІТ жобалар байқауы өтті

24.06.2025

Ақмола облысында осымен екінші жыл қатарынан қазақ тілін жеңіл, әрі өздігінен үйренуге бағытталған «Qaz Tech» ІТ жобалар байқауы өтті. Қазақ тілін цифрлы тіл моделіне айналдыру бағытында 12 жоба таныстырылды. Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» мекемесі бірлесіп өткізді.

Мемлекеттік тілді үйренем деушілерге арналған сайттар мен жобалар бүгінде жетерлік. Сондықтан қатысушыларға қойылған басты талап – іске қосылмаған тың жобаларды ұсыну болды, - дейді ұйымдастырушылар. Байқауда бас жүлдені Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің 4-ші курс студенті Диас Болат жеңіп алды. Оның «Ақылды тіл» жобасы тек тіл үйренушілерге ғана емес, мұғалімдердің қолдануына да ыңғайлы етіп жасалған. Бірнеше бөлімнен тұратын сайттың ең басты ерекшелігі – жасанды интеллект технологиясын енгізу болды, - дейді студент.

Диас Болат, Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің студенті:

Басқа бағдарламаларға қарағанда мұнда бізде жасанды интеллект бар және онымен жұмыс атқара аламыз. Одан бөлек басқа бағдарламаларға қараған курстарды енгізіп, ол курстармен басқалармен бөлісеміз. Мысалы ол курстарда текст мәтіні арқылы, аудио-видео арқылы, одан бөлек әртүрлі тесттер жасай аламыз және басқа адамдармен бөлісіп, оны қалай шешкенін байқай аламыз.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу