Талдықорғандық полиция қызметкері балаларды өрттен құтқарды
Талдықорғандықтар полиция қызметкері Мирас Дәуітовті мақтан тұтады. Өз өмірін қауіпке тігіп, өрттен адамдарды алып шыққан ол бетперде кимей-ақ батыр, жамылғы жаппай-ақ әп-сәтте «супер қаһарман» атанды.
Оқыс оқиға 7 мамыр күні болған. Полиция қызметкері Дәуітов қызыл жалынға оранып жатқан үйді көре сала көмекке бірінші жеткен. Ал үй ішінде бала бар дегенді естігенде мүлдем ойланбапты. Газ қызметкерімен бірге басын қауіпке тігіп, абырой болғанда 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Бейбіт күннің батыры бұл әрекетін ерлік деп санамайды. Тек тұрғындардың қауіпсіздігі басты міндетім,-дейді.
Мирас Дәуітов, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы:
Өртті көріп бірден тоқтап, қандай да бір көмек керек пе деп ойладық. Сөйтсек, үйден балалардың даусы естілді. Содан қасымда бір жігіт бар екеуіміз кіреміз дегенде бір кісі айқайлап қалды үйде газ балон бар деп. Сол кезде 1-2 секунд тоқтап қалдық. Бірақ балалардың дауысын естігенде ештеңеге қарамай кіру керек болды. Сөйтіп кіріп алып шықтық.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЖИ ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 17:20
Сарапшы: Қазақстан инвестициялық хабқа айналады
29.10.2026, 17:07
Халық көкейінде жүрген мәселелер шешімін табады
29.10.2026, 17:05
Жолдау: Сарапшылар басым бағыттарды саралады
29.10.2026, 17:03
Келесі жылы 2 АЭС-тің құрылысы басталады
29.10.2026, 17:02
Мұғалімдер толтыратын құжаттар 5 есе қысқаруы мүмкін
29.10.2026, 17:00
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14