16-17 маусым күндері Алматыда халықаралық музыка фестивалі өтеді
Оған 118 мемлекеттен танымал әншілер келеді. Ауқымды шара ұйымдастырушыларының сөзінше, бұл өнерлі жастарды үлкен сахнаға шығаруға арналған жоба. Сондай-ақ, дәстүрлі әншілер де фестивальдің құрметті қонақтары болады. Олардың қатарында елге белгілі Ардақ Балажанова мен Медет Салықов бар. Сондықтан, бұл қазақ музыкасын әлемге әйгілейтін шара боламақ.
Айнұр Көпбасарова, жобаның бас продюсері:
- Біздің қазақтың рухын, жырын, әнін жырлап жүрген дәстүрлі әншілеріміз өте көп. Оларды әлем танып жатыр. Биылғы фестивальдің негізгі өзегі әншілерімізді насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында керемет көріністер қою.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы