Өткен демалыс күндері Астана жұрты Халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевты еске алды. «Тамашаның» тарланы Құдайберген Сұлтанбаев тірі болғанда былтыр 70-ке толар еді. Еске алу кешіне марқұмның сахнада бірге өнер көрсеткен әріптестері мен шәкірттері қатысып, халыққа әртістің қойылымдарынан үзінділер көрсетті. Айта кету керек, Құдайберген Сұлтанбаевтың еске алуға арналған шаралар былтыр Алматыда өтті. Астанадағы кешті ұйымдастыруға қала әкімдігі мұрындық болған. Құдайберген Сұлтанбаев 2010 жылы 64 жасында дүниеден өтті. Ол өнерден бөлек, Парламент депутаты да болды. Сондай-ақ, өмірінің соңғы жылдарын ұстаздыққа арнады.
Еркебұлан Тәуекел, Құдайберген Сұлтанбаевтың ұлы:
- Әкеміз тірі болғанда өткен жылы 70 жасқа толушы еді. Биыл Астана көрермендері үшін осы еске алу кешін беріп отырмыз. Мұндай кешті енді 10 жылдан кейін, 80 жылдығына жасайтын боламыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.