Көкшетауда өңірлік Азаматтық форум өтті
Көкшетауда өңірлік Азаматтық форум өтті. Облыста қазір 900-ге тарта үкіметтік емес ұйым бар. Оның 90-ға жуығы «Азаматтық Альянс» бірлестігінің құрамына енген. Форумға қатысқан қоғамның белсенді мүшелері өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген жандар. Әрқайсысының өз айтары бар. Олар халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, инклюзивті қоғам, жергілікті өзін-өзі басқару және креативті индустрия мәселелері бойынша бірнеше секцияға бөлініп, жұмыс істеді. Жиын барысында сондай-ақ Үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасы талқыланды. Ең бастысы - ұйымның мәртебесін бекітіп алуымыз керек, дейді олар.
Бану Нұрғазиева, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті:
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын реттейтін заң керек деп 2-3 болды шырылдап жатырмын. Керек болса, жобасын да жасадық. Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында Президент осы мәселеге көңіл бөліп, тапсырма ретінде Үкіметтік емес ұйымдар туралы заң қабылдансын деп айтып кетті. Біз үшін үлкен қуаныш болды, үлкен жетістік.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25