31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Астанадағы Ұлттық музейде Қожықовтар әулетінің қолынан шыққан өнер туындыларының көрмесі ашылды. Сонымен қоса, саяси қуғынға ұшыраған қазақ халқының белгілі қайраткерлерінің құжаттары көпшілікке жария болды.
Қожахмет Қожықов Қазақстандағы тұңғыш суретші-график, карикатура және плакат жанрының негізін салушы. «Қыз Жібек» фильмінің алғашқы эскиздерін салған да осы Қожахмет Қожықов. Көрмеге Қожықовтар отбасының басқа да мүшелерінің туындалары қойылды. Ал, көрменің мақсаты – тарихымызда болған қайғылы кезеңдердің терең мәнін көпшіліке өнер арқылы жеткізу.
Жұмагүл Әпсеметова, ҚР «Ұлттық музейінің» аға ғылыми қызметкері:
- Қожахмет, Құлахмет, Сұлтанахмет және Ләтипа деген қызы болған Бүгінгі көрме сол кісілердің шығармаларынан.
Ғабит БӨКЕНБАЙ