Ең үздік киножобалар іріктелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең үздік киножобалар іріктелуде

11.06.2025

«Ұлттық кино – ұлттың рухани келбеті. Сондықтан мемлекет қаржысына түсірілетін фильмдердің мазмұны мен сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс». Алматыда ең үздік киножобалардың іріктеу шарасында Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали осылай деді. Бүгін екі кезеңінен сәтті өткен 99 жоба авторы Сараптама кеңесі алдында өзінің сценарийін қорғап шықты. Комиссия мүшелері әр жобаны мұқият қарап, оның идеялық мазмұны мен драматургиялық сапасына мән береді. Сондай-ақ талаптарға сәйкес бағалап, ең үздіктерін іріктейді. Ұлттық киноны қолдау орталығының мәліметінше, биыл көркем, деректі және анимациялық фильм бойынша жалпы 444 өтінім түскен.

Болат Қалымбетов, кинорежиссер, сценарист:

Заман өзгеріп жатыр, заман өзгергесін, сұраныс та, талғам да өзгереді. Кино түсіру де өзгерді. Соның бәрін біріктіре келе, көрерменге жақсы кино сыйлауымыз керек.

Нәзира Рахман, кинотанушы, сараптама кеңесінің мүшесі:

Ең алдымен халыққа, көрерменге тұщымды, жақсы дүниелерді іріктеп алу. Сан бар жерде сапа бар. Үмітіміз бар, қазақ киносына, қазақ киносының қорын байытатын жақсы дүниелерді іріктеп алсақ деген.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу