Атырауда Ғафиз Есімов атындағы халықаралық вокалистер сайысы басталды
Бүгін Атырауда ҚР Халық әртісі, профессор Ғафиз Есімов атындағы бірінші халықаралық вокалистер сайысы басталды. Үш күнге жалғасатын музыкалық байқауға шет мемлекеттерден қатысушылар арнайы келіп, бақтарын сынауда. Елімізбен қосқанда барлығы 14 жүлдеге үміткер өнерлерін ортаға салып бағуда. Байқау шарты бойынша, қатысушылар халық әндері мен әлем композиторларының шығармаларын, сондай-ақ, опера жанрында жазылған туындыларды орындап, вокалдық деңгейін жоғары деңгейде көрсетуі тиіс.
Ғафиз Есімов, ҚР Халық әртісі, профессор:
- Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегеновалардың салып кеткен ізі бар. Сол ізбен жастарымызды дайындап жатырмыз. Қазіргі әншілердің деңгейі өте биік.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы