Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті

05.06.2025
Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті

5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген.

«Бұл еңбектерді Қытайдың ХХ-ХХI ғасырдағы белгілі суретшілері жазған, олар Сиэйи өнерінің дәстүрін жалғап келеді. Шеберлер өздерінің шығармашылығында стиль, техника және материалдардың ерекшеліктері арқылы тек сыртқы бейнені ғана емес, сонымен қатар оның ішкі рухани мәнін де ашады. Қытайдың танымал заманауи мүсіншілерінің бірі — У Вэйшань. Ол әлемге суретші әрі қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал. Көрмеге мүсіншінің Лао Цзы, Ци Бай Ши секілді Қытай тарихындағы ірі тұлғалардың мүсіні қойылды. Қоладан жасалған бұл туындыларда автор кейіпкердің мінезін қозғалмалы форма, беттің құрылымын ерекше бедерлеу және каллиграфияны еске салатын ерекше стиль арқылы көрсеткен», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Көрме 3 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Жібек жолы музейлері мен галереялары Халықаралық альянсының құрамына кірді.




Хабарламаларға жазылу