«Қазгидромет» болжамының 95 пайызы дәл келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет» болжамының 95 пайызы дәл келеді

05.06.2025

«Қазгидромет» болжамының 95 пайызы дәл келеді. Синоптиктер алдағы күн райын әртүрлі уақыт аралығына қарай бағамдайды. Жалпы, метеорологтар қандай құралдарды қолданады? Қандай дерекке сүйенеді? 

Ернұр Медет, тілші:

Екі ғасырға жуық уақыт бұрын елімізде алғашқы метеостанция салынды. Осы уақыт аралағында өзгеріп, түрленіп, дамып, озық технологиямен жабдықталған зерттеу орталықтары қазіргі таңда күн райын дәлме-дәл болжауға мүмкіндік береді. Біз келген елордадағы бақылау мекемесінің өзі 111 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Бүгін дәл осы ғимарат ішіндегі қауырт тірлікпен жақынырақ танысамыз.

Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология департаментінің жетекші инженері:

Жалпы, метерология - өте кең ғылым саласы. Кішкентай ғана қарапайым ғимараттар болуы мүмкін, бірақ істелетін жұмысы өте ауқымды, өте көп. Әрбір станцияда, мысалы, төрт қызметкер жұмыс істеп, бір-бірімен ауысып, бір-ақ адам ғана, мысалы, үздіксіз бақылау жасалады.

Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология департаментінің жетекші инженері:

Мысалы, бізде желдің жылдамдығы мен бағытын көрсететін құрылғы, дәл қазір бізде атмосфералық қысымды көрсететін құрылғы. Ал мына экранға назар салсақ, бұл бізде автоматты станциядан келіп жатқан барлық параметрдің көрсеткіші тұр. Мынау желдің жылдамдығы, бағыты, температура, ылғалдылық, метерологиялық көру қашықтығы деген сияқты параметр өте көп, солардың көрсеткіші осы жерде көрсетілген. Иә, ауа райының, атмосфераның қазіргі кездегі нақты жағдайының бүкіл ақпаратын жинау арқылы ауа райының алдағы болжамы жасалады. Мұның бізде екі-екі құрылғысы ғана іштегі көрсеткіштері бар, қалғаны сыртта орналасқан. 

Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология департаментінің жетекші инженері:

Ішінде термометр мен гидрометр орналасқан, сыртында екі метр биіктікте орналасу керек. Талаптар бойынша осылай орналасып, осы жерден бақылау алынады.

Қозыке Тәуке, «Қазгидромет» РМК метеорология департаментінің жетекші инженері:

Үйде тұрған термометрмен ауаның ішіндегі температураны көре алсаңыз, мынау ауаның нақты уақыттағы ауа температурасын көрсетеді.

Барлық атсмофералық бүкіл параметрді жинап, түзеп, жинап болғаннан кейін орталыққа жіберіліп, орталық осыдан кейін бүкіл ақпаратты жинақтап, бүкіл әлем бойынша ауа райы болжамын жасай алады.

Ернұр Медет, тілші:

Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде аптап ыстық болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жылы өтеді. Ілгеріде ата-бабаларымыз алдағы күн райын осындай табиғат құбылыстарына қарап білген еді. Ал бүгінде әлемдік стандарттарға сай құрылғылардың есебіне сүйеніп, болжам жасалады. Қазіргі таңда елімізде 347 метеостанция бар. Бақылау мекемелеріндегі мамандар сіз бен біз күнімізді дұрыс жоспарлау үшін күндіз-түні қызмет етеді.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу