Ақмола облысында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті
Ақмола облысында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, белсенділер Зеренді көлінің жағалауын қоқыстан тазартуға шықты. Игі шара туралы аймақтағы тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы баяндайды. Бибінұр, курортты аймақтағы көлдің бүгінгі экологиялық жағдайы қандай? Жалпы, акция қалай өтіп жатыр?
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Зеренді көлі көрікті өңірдің бағын асырып тұрған су айдындарының бірі. Көл табаны құмды, суы мөлдір.Бір жағасы ит тұмсығы өтпейтін қалың қарағай, ақ қайыңмен көмкерілсе, келесі бетінде Зеренді ауылы орналасқан. Соңғы 50 жылда көл айтарлықтай тартылып келеді, - деп экологтар дабыл қаққан еді. Алайда 2023-жылдан бері айдынның суы толығып, тіпті биыл арнасынан асқан. Қазір менің жанымда «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ерлан Жұмай тұр. Ол кісі өңірдегі рекреациялық көлдердің экологиялық жағдайын зерттеп, бұл бағытта диссертация қорғаған.
- Ерлан мырза, неше жылдан бері суы тартылып келе жатқан көлдің тасуының себебі неде? Жалпы, көлдің экологиялық ахуалы туралы не айтасыз?
Ерлан Жұмай, экология PhD докторы:
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
«Таза жағалау» сияқты экологиялық акциялардың су айдындарының мөлдірлігін сақтауға мол септігін тигізері сөзсіз. Бүгінгі экологиялық акция «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыс маусымының ашылуымен қатар түсті. Сондықтан көл жағалауын қоқыстан тазалауда жастардың белсенділігі жоғары болып отыр. Сонымен қатар акцияға ұлттық табиғи парктің қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен ауыл тұрғындары қатысуда. Жалпы «Көкшетау» ұлттық саябағына 8 көл бекітілген. Олардың жағалауларын тазалау акциясы жаз бойы жалғаспақ.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14