Еліміздің әр өңірінен жиналған 160 оқушы заңғар жазушының шығармаларын дәріптеп, өзара сынға түспек. Өнер додасы көрнекті жазушы, белгілі қаламгер, әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлы туралы қойылымнан басталды. Олардың бірі шығармаларынан мәнерлеп үзінді оқыса, енді бірі зерттеу жобасын қорғайды, ал кейбір оқушылар драматургиялық туындыларын сахналайды. Тіпті Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын қылқалам арқылы бейнелегендер де бар. Үздіктер 14 сәуір күні анықталады. Алғаш рет республикалық көлемде өткізілген байқау бұдан кейін дәстүрге айналмақ.
Клара Жұмабаева, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы:
- Әбіштің еңбегінің өшпегендігін көріп отырмын. Жастардың таланттары көп. Әрі қарай жалғастыра беріңдер, соған мен өте ризамын. Әрі қарай дами берсін, осындай азаматтардың еңбегін көре беріңдер.
Айсара АЙТМАН