«Жалында» би ансамблі түрік халқын қайталанбас өнерімен тамсандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жалында» би ансамблі түрік халқын қайталанбас өнерімен тамсандырды

09.04.2018

Түркия қазақ халқының би өнеріне тәнті. Анадолы жеріне барған шығыстың «Жалында» би ансамблі көпшілікті қайталанбас өнерімен тамсандырды. 16 жыл бұрын құрылған өнер ұжымы  70-тен астам байқауға қатысқан, әркез топ жарып келеді. Ұлттық өнерді насихаттаған ұжым жергілікті көрерменнің көзайымына айналды. Ансамбльдің жетекшісі Гүлжиян Әкірамханова бүгінге дейін 8000-нан астам шәкірт тәрбиелеген. Жастарды өнерге баулыған талант иесі «өскелең ұрпақты ұлттық өнермен сусындату басты мақсатым», - дейді. 

Гүлжан Әкірамханова, хореограф:

– Қазіргі олқылық ол ата-аналардың ұлттық фольклорына көп көңіл аудармай, заманауи дүниеге, жеңіл-желпі заттарға қарай жүгіруінде. Қазақ биін әрбір қазақ баласына бесіктен бойына сіңдіретін болсақ, бала өсе келе шет мемлекетте жүрсе де, қазақ екенін, қазақтың баласы екенін, патриот екенін көрсету керек.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу