Қазақтануға арналған тарихи мақалалар кітап болып басылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтануға арналған тарихи мақалалар кітап болып басылып шықты

29.03.2018

«Қазақстан тарихы» порталында соңғы бір жылда жарық көрген мақалалар кітап болып басылып шықты. Жинақта қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен этнологиясын мұқият зерттеп, тың деректер тапқан авторлардың еңбектері жарияланған. Мұны оқып шыққан зиялы қауым «оқырмандар қолына құнды дүние тигелі тұр», - дейді.

Таңдаулы тарихи мақалалар 500 таралыммен шықты. Кейінгі кезде ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, тілі мен діліне қатысты түрлі пікірлер айтылып, қисынсыз мағлұматтар келтіріліп жүргенін көпшілік біледі. Сол себепті, қалың оқырманға өткеніміз туралы шынайы ақпарат беру үшін сайтта сақталған мақалалар кітапқа басылған.

Өмірбек Байгелді, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Біздің бұрынғы ғалымдарымыз шет елден жазғандарын оқып келді. Сонымен біздің тарихымызды жазды, бізге айтты, бізге жіберді. Оның дені өтірік болып шықты. Әдейі жасалған саясатпен өзгерткен дүниелер болып шықты. Қазір нағыз шындықты, ақиқатты іздейтін заман. Соларды тауып, жаңартып тура тарихымызды шығару керек. Міне, осындай үлкен аумақта кітаптар керек-ақ.

Жаңа кітап алты бөлімнен тұрады. «Тарих 5 минутта», «Алаш 100», «Атамұра», «Репрессия 80», «Жолсапар» соңғысы «Сұхбат» тарауынан қызықты әрі тың деректерге қанығуға болады. Еңбектің тағы бір ерекшелігі екі тілде жазылған.

Ілияс Жұмабекұлы, журналист:

- Өзге ұлттың ішкі немесе сыртқы саясатын түсіну үшін оның тілін, дінін, басқа да әдебиетін білуіміз керек. Осы мақсаттан алғанда бұл кітапта егіз формат. Бір бетін ашсаңыз, қазақша, келесі бетін аударсаңыз, орысша мағынасы берілген. Сондықтан да, орыстілді қаракөз қазақтарға, ұлдарына да мүмкіндік беру керек. Өз тарихын, өз ұлтын қалаберді соны ұлықтауға мүмкіндіктері болсын.

Жинақты жазудағы негізгі миссия – қазақ халқының ортақ этникалық тарихын тұжырымдамалық түрде түсінуге,  шет елдердегі қазақ диаспорасын қолдауға, қорыта айтқанда қазақтануға арналып отыр.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу