Композитордың 105 жылдығына орай өткізілген байқауға мегаполистегі барлық музыкалық мектептердің оқушылары қатысы. Оларға қазылық етуге елімізге белгілі өнер майталмандары шақырылған. Биыл талантты балаларды анықтауға арналған шараның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымы кеңейе түскен. Сондықтан, ұйымдастырушылар енді өнерпаздар бәйгесінің ауқымын одан әрі ұлғайтып, еліміздің барлық өңірлеріндегі музыкалық мектептердің балаларын қатыстыруды жоспарлап отыр. Ал, Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебі түлектерінің музыкалық деңгейі әлемдік музыкалық мектептерден еш кем емес.
Шәмилә Шалдаева, М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыкалық мектебінің директоры:
- Біздің музыкалық мектептен тәлім алған түлектеріміздің берісі елімізге, әрісі әлемге танылған. Мәселен, Рахат-Би Әбдісағинді айтсақ, ол қазіргі Қазақстанның келбетін танытуға арналған жүз жаңа есімнің ішіне кіріп отыр. Біз бұған мақтанамыз. Ал, байқауға қатысушыларға сәттілік серік болсын. Ұлы даланың мәртебесін асырып, еліміздің бай мұрасын әлемге әйгілейтін өнерпаз атансын деп тілейміз.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ