Талдықорғанда «Тағзым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Тағзым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

06.03.2018

Талдықорғанда Жетісудың тіл, әдебиет, баспасөз және өнер қайраткерлерін еске алуға арналған дәстүрлі «Тағзым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған рухани жиын әдебиет айдында қалам тербеген Темірғали Рүстембеков, Құдаш Мұқашев, Бақыт Әлімов, Рафат Әбдіғұлов, тележурналистикада тер төккен Еділ Төкенов, Тұрсынбек Айтбек, Наталья Борсенко және театр актеры Асан Исаевтың өміріне арналды. Олардың әрқайсысы өңірдің өнерін өрге бағыттап, өз қолтаңбасын қалдырған жандар. Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының тағлымы мол шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты - өнер оғландарын еске алу арқылы жастар жадын жаңғырту.

Әбіләкім Жүнісбаев, тұрғын: 

- Осылай жастарға жеткізіп, білдіріп отырса, ол жастар кейін халыққа қалай қызмет ету керек екенін білетін болады. Халықтың жүрегіне жол таба білу - үлкен өнер, еңбек. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу