Бұл жолғы аламанның жөні бөлек, еңселі елорда мен қасиетті Сыр елінің өткені мен бүгінін жырлауға талай додада топ жарған жүйріктер келді. Кіммен кім айтысатыны алдын ала жарияланбады, ол көрерменнің көз алдында шешілді. Суырып салма ақындар шын өнерін көрсетті. Аузымен құс тістеген, көркем ойдан кестелі сөз құраған он төрт ақынның ішінен үздігі суырылып шықты. Бүгіннің берекелі бедерін айтысқа арқау еткен ақындар сұлу сөзге сусаған халықтың шөлін қандырды.
Мейірбек Сұлтанхан, айтыс жеңімпазы:
- Қарсыласты алдын ала білмей, сол сахнада, сол тап уақытында жеребе суыру. Міне, нағыз шынайылық, нағыз бүгінгі айтыстың қызықты тұсы осы болды деп ойлаймын. Өйткені, ақындар туралы алдын ала дайындықпен келеді, бір-бірлерін таниды, алдын ала жұпталып қояды деген секілді пікірлер айтылып жүрді. Халықтың да ықыласы ерекше болған бүгінгі айтыс деп ойлаймын.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ