Басты Жаңалықтар Алматыда әдеби «Оскар» сыйлығы табысталды

Алматыда әдеби «Оскар» сыйлығы табысталды

Алматыда «Алтын қалам» байқауының аясында бірінші рет ұйымдастырылған әдеби «Оскар» сыйлығы табысталды.

Жеңімпаздар «Жылдың үздік баспасы», «Жылдың әдеби дебюті», «Жылдың үздік меценаты», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік кітап» және «Кітап LIKE» сияқты 5 аталым бойынша анықталған. Оларға мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлері жасаған арнайы мүсін тарту етілді. Ұйымдастырушылар үздіктерді анықтау кезінде зерттеу жүргізіп, әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 50-ден астам сарапшының пікіріне жүгінген.

Амангелді СЕЙІТХАН               

Бөлісу