Алматыда ирандық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ирандық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

08.02.2018

Алматыда «Иран елінің ұлттық қолөнері» атты көрме ашылды. Көпшілік назарына ирандық қолөнер мен қылқалам шеберлері айтулы туындыларын ұсынды.

Сондай-ақ, шарада көркем жазу өнері бойынша шеберлік сабақтары өтті. Жалпы, Иран мәдениеті мен қолөнері әлемдік өнер мұрасы бойынша лайықты орны бар. Өйткені, Фирдоуси, Омар Хайям, Саади және Хафиз сынды тұлғалардың отаны. Сондықтан, «Өнерсүйер қауым үшін бұл дәстүрлі көрменің тағылымы мол», - дейді ұйымдастырушылар. 

Хамид Реза Аршади, Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы елшілігінің Бас консулы:

- Иран және Қазақстан халқы көп жылдан бері бір-бірімен түп байланыста болған. Қазақстан елі өзінің егемендігін алғаннан кейін байланыстар жақсы дами бастады. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттеріне арналған Иран қолөнерінің көрмесін және «Шахнаме» дастанынан алынған үзінділеріне арналған сурет көрмесін өткізіп жатырмыз. Ол екі елдің бір-бірін тануға үлкен үлес қосатынына сенімдімін.

Руслан ҚОСАНОВ

Хабарламаларға жазылу