Қостанай облысында қатты дауылдан ағаштар құлады
Қостанайда бүгін күн райы күрт суытып, қатты дауыл соқты. Желдің екпіні тіпті ғимараттардың қасбеті мен шатырын жұлып әкеткен.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Бүгін табиғат тосын мінез танытты. Мамандардың айтуынша, желдің екпіні кейбір жерде секундына 30 метрге дейін жеткен. Қатты дауылға шыдамаған ағаштар көше бойында осылай құлап жатыр, кейбірі көліктерге зақым келтірген. Қаланың екі ауданында бірнеше үйде жарық сөнді. Қазір мұның бәрін қалпына келтіріп жатыр. Ал Қамысты, Сарыкөл аудандарында бұршақ аралас қар жауған. Қатты дауыл өңірдегі тас жолдарда да жағдайды қиындатқан. Қостанай-Лисаков бағытында құмды дауыл көтеріліп, Федоров тас жолында дауылға шыдамай ауыр жүк көлігі аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жел басылған. Қала әкімдігі келтірілген зиян, шығындарды есептеп жатыр.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53