Атырау облысында кәсіпкерлік көрмесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында кәсіпкерлік көрмесі ұйымдастырылды

06.02.2018

Атырау облысы Исатай ауданында өндірілетін тауарлар көрмеге қойылып, жәрмеңке ұйымдастырылды. Басты мақсат - халыққа сапалы өнім ұсынып, сұранысты арттыру. Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп құрылғылары мен құрылыс материалдары тұтынушылар назарына ұсынылды. Соңғы жылдары облыста шағын және орта бизнестің үлесі артып, өңір экономикасы қарышты дамуда. Мәселен, 2017 жылы кәсіпкерлік  сектор бойынша бір триллион теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш  2016 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге жоғары. 

Гүлзада Қайырғалиева, Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың да деңгейі жылма-жыл артуда. Мысалы, 2016 жылы тек қана 600 млн. теңге бөлінген болса, биыл 2017 жылы 900 млн. теңгеге дейін қаражат бөлінді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу