Ақмола облысында «Ардағым – ардагерім» қайырымдылық шарасы басталды
Ақмола облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Ардағым – ардагерім» атты қайырымдылық іс-шарасын бастады.
Акция аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ еңбек ардагерлеріне азық-түлік себеттері таратылды.
Рита Костенко – тыл ардагері. Соғыс басталғанда небары 5 жаста болған. Әкесі майданға кеткенде, ол анасымен егістік басында жүріп, бидай масақтарын жинайды. Еңбекке ерте араласып, Қазақстанға тың игеру жылдары келгенін айтады. Адал еңбегі еленіп, халық шаруашылығын дамытқаны үшін медаль тағады. Одан кейінгі өмірін мәдениет саласын дамытуға және білім беруге арнайды. Кеудесіндегі орден-медаль – еңбек ардагерінің еселі еңбегінің жемісі.
Рита Костенко, тыл ардагері:
Соғыс кезінде аштықты да көрдік. Себебі барымызды майданға жібердік. Сондықтан соғыс кезінде көбіне жеміс-жидек теріп, күн көретін едік. Мен еңбекке ерте араластым. Бүгінде сол еселі еңбегім еленіп, құрметке ие болып отырғаныма ризамын. Бүгінгі жастарға, адал еңбек етіңдер, жемісі тәтті болады деген кеңес айтамын.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25