Көкшетауда мемлекеттің 170 млн теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды
Көкшетауда жағажай салуға бөлінген 170 млн теңгені талан-таражға салды деген күдікпен лауазым иелері ұсталды. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалауды жүзеге асырған серіктестік пен мердігер компанияның басшылары қамауға алынды. Бюджет қаржысы 2021 жылы шаһардағы ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейінгі аумақты абаттындыруға жұмсалуы тиіс еді. Тергеу барысында жұмыстың бір бөлігі Атбасардағы басқа нысанға бөлінген қаржыдан жымқырылған ақшаға атқарылғаны белгілі болды. Ал жағажайдың қазіргі ахуалы сын көтермейді.
Меруерт Байболова, Ақмола облысы прокурорының көмекшісі:
Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25