«Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

25.04.2025

Көкшетауда Ұлы даланың тарихын кеңінен қамтып, зерттеп-зерделеуге бағытталған «Абылайханнан абыз Тоныкөкке дейін» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған еліміздің және АҚШ, Түркия мен Жапониядан келген тарихшылар мен түркітанушы ғалымдар қатысты. Жиында «Абылай ханның қара жолы» кітабының ІІІ, ІҮ томдарының тұсауы кесілді. Жинақта 2018 жылы бастау алған тарихи-мәдени экспедиция нәтижесінде жинақталған ғылыми, танымдық мақалалар топтастырылды. Осымен қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен қолға алынып, 24 қала мен жүздеген елдімекенді қамтыған «Абылайханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты экспедиция өз мәресіне жетті.

Мұрат қажы Ыдырысұлы, «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» экспедициясының жетекшісі:

Негізгі мақсаты - Абылайханды елге таныстыру, Абылай ханның жолын, Абылайханның жолындағы қасиетті орындар, сакралды орындарымен таныстыру, тарихты жаңғырту және жастардың бойында ұлттық ерлік, рухтарын көтеріп, солардың бойында ерекше қасиет дарыту.

Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, түркітанушы:

Біздің тарихымыз тек қазақ хандығымен шектелмейді. Бұл ұлы жоба бүгінгі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихын апарып Тоныкөкке тіреп отыр. Өйткені, біз соның ұрпақтарымыз. Сол кезде бұл ұлы Қағанат бүкіл әлемді билеген.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу