Көкшетауда 11 тұрғын үйдің құрылысы 5 жылдан бері бітпей тұр
Ақмола облысында құрылысы тоқтап қалған нысандардың иелеріне қатысты қатаң шара қолданылады. Мәселен, Ақкөлде тұрғын үй құрылысын созбалаңға салған мердігер қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Облыс әкімі Марат Ахметжанов дәл осындай шара Көкшетаудағы 11 көпқабатты үйдің құрылысын биылғы жылдың соңына дейін аяқтамаған мердігерлерге қатысты қолданылатынын айтты. Облыс орталығында барлығы 56 мың шаршы метрді құрайтын 804 пәтердің құрылысы 2020 жылдан бері аяқталмай келеді.
Ақжол Қылышбаев, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:
Ұзақ салыну себебі мердігерлердің немқұрайлығы деп айтса болады. Бірінші бекітілген мерзімде жобаларды тапсырмады. Жобалық-сметалық құжаттамалардың барлығы экспертизадан өткен, бірақ соның ішінде шикіліктері бар. Мысалы, 3 подъезді үйдің бір подъезін ұмытып кеткен сметалық құжаттамада. Сондай мәселелер бар. Құрылысын уақытында аяқтауға мердігерлердің жауапсыздығымен қатар құжаттамадағы шикіліктер де қолбайлау болған. Мәселен, кейбір үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарының құжаттары жоқ болып шықты. Енді бұл олқылықтырады жойып, тұралаған құрылысты жыл соңына дейін аяқтау үшін бюджеттен қосымша 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Мердігерге қойылатын басты талап – баспана құрылысын жыл соңына дейін аяқтау.
Бақыт Әбдімәуленов, мердігер:
Қазір әрлеу жұмыстары бар, сыртқы жұмыстарын бітіріп, биыл аяқтаймыз деген ниет жасап жатырмыз. Осы жылдың 4-тоқсанында біз тапсырамыз. Бұл үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Әр түрлі себептер болды, қаржыландыру жетіспеді.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тәуелсіздік күніне байланысты 16 желтоқсанда ХҚКО жұмыс істемейді
13.12.2025, 17:41
Ақша айырбастау пунктеріне бақылау күшейеді
13.12.2025, 17:40
Kundelik деректерінің таралуына қатысты компания түсініктеме берді
13.12.2025, 17:39
Жаңаөзенде бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
13.12.2025, 17:37
170 мың тұрғын сапалы медициналық көмекке қол жеткізді
13.12.2025, 17:36
Ресейде өкпе обырына қарсы дәрі шығарылды
13.12.2025, 17:34
Қарулы қақтығыс тоқтар емес
13.12.2025, 17:33
Газада суықтан 14 адам қаза тапты
13.12.2025, 17:31