БҚО-да азамат жалған ақшамен бәс тігіп, 14 млн теңге иемденген
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жалған шетел валюталары арқылы 14 миллион теңгені заңсыз иемденген. Ол әуелі 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуро көлеміндегі жалған ақшаны сатып алған. Кейін оны лото ойындарына салып, бәс тігеді. Ал ұтыс қаржысын теңгемен алады. Сөйтіп алаяқтық әрекетімен 14 миллион теңгені алдап алып кетті деген күдікке ілінді.
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті осы дерекке қатысты тергеуді аяқтады. Іс сотқа жолданды. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валюталарының қайда жасалғанын және жеткізу каналдарын анықтау үшін жедел іздестіруді қолға алды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15