Елімізде доллар тағы қымбаттады
Қазақстан нарығында доллар тағы қымбаттады. АҚШ валютасы соңғы үш күнде 12 теңгеге өскен. Қор биржасында бір көк қағаздың құны қазір 518 теңге. Ал кейбір ақша айырбастау бекеттерінде 525 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылардың пайымынша, доллардың күрт көтерілуіне АҚШ президентінің импорттық тауарларға баж салығын енгізуі себеп. Сондай-ақ мұнай бағасының 63 долларға дейін төмендеп кетуі де нарыққа әсер етіп отыр.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
Әлемдік өзгерістер, геосаяси жағдайлар бұрынғыдай ай сайын, жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр. Яғни, біздің де соған сай бейімделуіміз керек. Бұрын 5 жылға жоспарлап қоятын болсақ, қазір оны кем дегенде 5 айға дейін қысқартатындай уақыт келді. Салық саясаты, кеден бажының қымбаттауының өзін Қазақстан өзінің мүмкіндігі ретінде пайдалану керек. Қытайға, Америка штаттарына тауар шығару қиындаған уақытта біз сол нарықты алатындай, біз сол нарықтың орнын басатындай транзиттік мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03