Ақмола облысында ауылды су басып, 21 адам эвакуацияланды. Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасып, ескі Колутон ауылына су кірді.
Қарғын су көшеге жайылғанымен, тұрғын үйлердің ішіне кірмеді. Құтқарушылар кешеден бері жағалауды нығайтып жатыр. Қазір 1000-нан астам қап төселіп, 300 текше метр су сорылды. Ауылдан 21 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, 100-ден аса ірі қара мен ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды. Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов өз бақылауына алды.
Сондай-ақ, Жақсы ауданындағы «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай » тас жолын су шайып кетті. Осы жолдың 963-ші шақырымында ескертуді елемей өтіп кеткен көлікті тасқын су жол жиегіне ағызып әкеткен. Көлік жүргізушісі қайтыс болды.
Бибінұр Әмірханқызы
