Орман өртін ерте анықтау жобасы әзірленді. Жүйе 30 шақырымға дейін айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камералардың көмегімен жүзеге асады. Бұл жөнінде сала министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті. Министр Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына да тоқталды. Былтыр басталған шараға 6 миллионнан астам адам қатысқан. Оның 230 мыңы ерікті. 1 млн тоннадан аса қоқыс жиналып, бір жарым миллионнан астам ағаш отырғызылды. 6 өңірде жаңа орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы бюджеті 21 млрд теңгеден асады. Әрбір тәлімбаққа 3,5 млрд теңгеден қарастырылған. Қуаты – 6 млн көшет. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары биыл басталады.
Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:
Екінші тапсырма - Аралдың құрғаған табанында сексеуілдің екпелерін отырғызу. Бүгінгі күнге 735 мың гектар жерге сексеуіл екпелері отырғызылды. Келесі мәселе - жалпы орман саласын техникамен қамтамасыз ету. 2024 жылы республикалық бюджеттен министрлікке техника алуға бөлінген қаражаттың көлемі 5 млрд 400 млн теңге болды.
Самал Қабышева
