Көкшетауда тасқынды сылтауратып, қаржыны мақсатсыз жұмсаған
Көкшетауда шенеуніктер былтырғы су тасқынының салдарын жою үшін бірнеше мердігермен тендерсіз келісімшарт жасасқан. Сөйтіп, төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуді сылтауратқан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеттің миллиондаған сомасын талан-таражға салған. Тіпті, қаражат су тасқынынан зардап шекпеген аумақтарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалған. Ал, арнайы құрылған комиссияға жеке кәсібі бар халық қалаулылары мүшелік еткен.
Асхат Оразхан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:
Мемлекеттік сатып алу тізімінде жауапсыз мердігер деп танылған кәсіпкермен де келісімшарт жасалған. Жалпы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мердігерлермен бір көзден тәсілімен қағаз жүзінде 10 шақты келісімшарт жасасқаны анықталды. Аталған деректер бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09