Жетісу мен Қызылорда облысында «Таза бейсенбі» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу мен Қызылорда облысында «Таза бейсенбі» шарасы өтті

27.03.2025

Әр аптаның бейсенбісінде тазалық акциясын өткізу Жетісу облысындағы «Аманат» партиясының мүшелері үшін дәстүрлі шара ғана емес, жауапкершілігі мол іс. Партияның Көксу аудандық филиалы Балпық би ауылындағы орталық саябақты тазалап, былтырдан қалған жапырақ пен күл-қоқысты жинастырды. Жалпы аманаттықтар жыл басынан бері осындай 13 бейсенбілік өткізіп, оған 15 мың адам қатысқан. 5 мың тоннадан аса қоқыс шығарылған.

Гүлназ Төлегенова, «Amanat» партиясының мүшесі:

Тазалық деген мен үшін әрбір отбасыдан басталу керек. Отбасында балаларға айтып отыруымыз керек. Өзіміздің ауламызды, өзіміздің жан-жағымызды тазалап отырсақ, сол бізде тазалық.

Қызылорда қаласында да «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» науқаны аясында аллеялар мен демалыс орындары қоқыстан тазартылып жатыр. Бұл жолы саяси ұйым белсенділері мен ерікті жастар қаладағы «Келменбет батыр» саябағында сенбілік өткізді. 30-ға жуық адам шашылған қалдықтарды жинап, арық жүйелерін қураған жапырақтардан тазартты.

Қуаныш Қанатұлы, Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу