Ақмола облысында жаңа мектептің төбесінен су тамшылап тұр
Ақмола облысында 1,6 миллиард теңгеге жеті жыл бойы салынған жаңа мектептің шатырынан су ағып, үшінші қабаттағы бейнебақылау камералары мен ғаламтор желісі істен шыққан.
Көкшетаудағы №9 мектептің сапасыз салынғаны алғашқы жаңбырдан-ақ білінді, дейді ұстаздар. Мектеп 2023 жылы пайдалануға берілді. Сол жылы күзде төбеден су сорғалаған. Ғимарат 3 жыл кепілдікте болғанның өзінде, мердігер шатырдағы ақауды жоюға асығар емес. Сот шешіміне де пысқырмай отыр дейді білім бөліміндегілер. Сондықтан жөндеу жұмыстарына басқа мердігер тартылған.
Азамат Байқуанышов, құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Мәселені түбегейлі шешу үшін 87 млн теңгеге шатырды қайта жөндеу үшін жоба әзірленіп, қаражат бөлінді. Бірақ балалардың қауіпсіздігі үшін оқу жылы аяқталған соң жазда істейміз. Ал жұмысты сапасыз орындағаны үшін мердігерден қаражатты бюджетке қайтару туралы сотқа талап арыз дайындаймыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25