Еліміздің әр өңіріндегі мектептерге экобокстар қойыла бастады
Мектептерде қалдықтарды сұрыптауға арналған экобокстар мен фандоматтар орнатылды. Қағаз, шыны және пластик жинауға арналған жәшіктер әзірге Астана мен Жезқазған мектептеріне қойылды. Бұл туралы «Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада өткен жиында айтылды. Жоба жалғасады. Өйткені бұл бастама өскелең ұрпақтың бойына экологиялық әдеттерді қалыптастыру үшін маңызды дейді жиналғандар. Сондай-ақ шарада мектеп оқушылары қалдықтарды қайта кәдеге жарату бойынша тың жобаларын таныстырды.
Нұржан Кеңесбайұлы, «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Бүгінгі шараның мақсаты – ошушылардың арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоқысты бөлек жинау. Енді бүгін осы іс-шара аясында біз экобокстар қойып жатырмыз және фономат қойып жатырмыз. Ол деген осы қалдықтарды бөлек сұрыптауға жағдай береді. Ол бөлек сұрыптаған қоқысты олар әрі қарай өңдеуге тапсыра алады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15