Кітап Алаш қайраткерлерінің баспасөз беттерінде, әдеби-публицистикалық шығармаларында ел мен жер, мәдениет пен тарихқа қатысты жазып қалдырған ой-пікірлерін қамтиды. «Егемендікті аңсаған ұлт зиялыларының ғылым мен білімге қатысты қанатты сөздері жастар үшін рухани азық, сарқылмас тәрбие көзі», - дейді ғалымдар. Баспа өнімі Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін насихаттауға да ықпал етпек. Туынды 2 мың данамен жарық көрді. Кітапты басып шығаруға қолдау көрсеткен «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры.
Дина Мұхамедхан «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» ҚҚ директоры:
- Рухани жаңғырудың бір бағыты – тарихтың шынайы беттерін парақтай отырып, өткен күндерді зерделеу. Туған елдің патриоты болған азаматтардың есімін дәріптеу. Еңбектерін ұрпақтан ұрпаққа мирас ету. Кітаптың жарық көруіне қолдау көрсетуді Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында өзіміздің парызымыз деп санадық.
Амантай Исин, тарих ғылымдарының кандидаты, кітапты құрастырушы:
- Өнер қандай болу керек, тіліміз, әдебиетімізде нені ардақтауымыз керек, мемлекетімізді қалай қадірлеуіміз керек? Осының барлығына жауапты жастар Алаш көсемдерінің тұжырымды ойларынан алады.
Дарын САҒИТОВ